Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Туымыздың мәртебесі биік болсын!

Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай, вело және автошеру, жүгіру марафоны өткізілді, деп хабарлайды elordafocus.kz.
-Іс-шарада “Мемлекеттік рәміздер – әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін айшықты белгілер. 1992 жылы Тәуелсіз Қазақ елінің рәміздері ресми түрде белгіленіп, 4 маусым – Рәміздер күні мерекесі болып бекітілді. Отансүйгіштік рух еліміздің басты нышандарын құрметтеуден басталады. Бұл орайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі» деген болатын. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бастаған ұлы көшімізді демеп, игі істерге ұйыстыра берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!”, – деп аудан әкімі Арман Абдуллаев мерекелік іс-шараға белсенді қатысушыларды алғыс хат және сый-сыяпатпен марапаттады.
Сонымен қатар «Мемлекеттік рәміздер» алаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, бүкіл Қазақстан бойынша 11:00-де бір мезетте Мемлекеттік ту көкке көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды.
Мерекелік іс шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының Патриоттық рухтағы әндерімен жалғасты.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАР ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Admin

«Ақорда» резиденциясында балаларға экскурсия ұйымдастырылды

Admin

ТҮРКІСТАН: СҰҢҚАР ТЕКТЕС ҚҰСТАРДЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАН АЗАМАТТАР 700 АЕК КӨЛЕМІНДЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Admin