Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінде дөңгелек үстел өтті

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі жанында Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты, №1 мектеп-гимназиясы, аудандағы шағын жинақты және Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты шағын жинақты мектептердің басшылары, оқу ісі орынбасарларының қатысуымен «Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты жою мәселелері»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шалғайдағы ауыл мектептерінің білім сапасын көтеру мақсатында және мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету бағытында гугл форматы арқылы сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша педагогтерге оқу процесі және каникулдық кезеңдерінде әдістемелік көмек көрсетудің 2022-2023 оқу жылының І-жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспары жасалынды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ойларын айтып, ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, игі іс шағын жинақты мектептерде өз нәтижесін беретіндігімен қорытындыланды.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕГІ БІРЛЕСУ АУЫЛЫНДА ҚҰНЫ 102,5 МЛН ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 6 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Admin

ШАРДАРА АУДАНЫНДА БИЫЛ 10 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ БАҚША ӨНІМІ ЕГІЛГЕН

Admin

ТҮРКІСТАНДА ЖИҺАЗ ШЫҒАРУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Admin