Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

РӘМІЗДЕР — ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰМАРЫ

Құрметті, аудан тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 4-маусым Рәміздер күнімен құттықтаймын. Бұл патриоттық пен намыстың мерекесі. Еліміздің даналығы мен қаһармандығын сипаттайтын мереке.
Елтаңба, Ту, Гимн тәуелсіздігіміздің басты символы. Тереңнен тамыр тартқан тарихымыздың айқын көрінісі. Сан ғасырдан бері ата-бабамыз аңсаған еркіндіктің бойтұмары. Көк Туымызда самсаған құс еркіндігімізді бейнелесе, Елтаңбадағы әрбір символ рухымыздың асқақ екенін паш етеді. Ал, Гимн бабалардың сан ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманының жыры. Татулық пен бірлікке үндеуде. Кемелді келешегіміздің асқақ үні.
Тарихымызды түгенделіп, дініміз бен тіліміз қайта оралды. 130-дан астам ұлт өкілдері туған елдің көк туының астында ауызбіршілікте өмір сүруде. Бүгінде көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық беделді ұйымдардың штаб-пәтерлерінде желбіреп тұр. Әлемдік додаларда Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалуда. Бұл Тәуелсіз ел екеніміздің айғағы.
Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азаматтың борышы. Тәуелсіздіктің тұмары Рәміздер күні құтты болсын! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын! Көк байрағымыз еркіндікте желбіресін! Мерекеде сіздердің отбасыларыңыздың амандығын тілеймін!
Құрметпен,
Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев

Ұқсас жазбалар

ОТЫРАР: «ИНВЕСТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОКУРОРЛЫҚ СҮЗГІ» ЖОБАСЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ШЕКАРА МАҢЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДА СЕРПІЛІС БАР

Admin