Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

«Тарихымыздағы үш нышан белгісі»

Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, жастар арасында «Тарихымыздағы үш нышан белгісі» атты танымдық сағаты өткізілді, деп хабарлайды elordafocus.kz.
Танымдық сағаттың басты мақсаты — жастардың бойындағы патриоттық рухты арттыру болып табылады.
Тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл толса, тәуелсіздік нышандарына 30 жыл толып отыр. 1992 жылы 4 маусымда, рәміздер күні ретінде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер болып табылады.
Сонымен бірге, Арыс қала жастары арасында Мемлекеттік рәміздерді насихаттау, қазақстандық жастардың туған елге деген отансүйгіштігін ояту, патриоттық рухты қалыптастыру мақсатында  «Менің Туым, менің Отаным» атты челлендж бастау алды.
Осындай шаралар келешек ұрпақтың еліне деген сүйіспеншілігін оятып, Мемлекеттік Рәмізді қастерлеп қадір тұтуына септігін тигізеді.

Ұқсас жазбалар

САЙРАМ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ, МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТПЕН КӨЛІК ЖӨНДЕУ ОРТАЛЫҒЫН АШҚАН

Admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР БИДАЙДАН ГЕКТАРЫНА 30 ЦЕНТНЕРГЕ ЖУЫҚ ӨНІМ АЛУДА

Admin