Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ елі ХХ ғасырдың соңында тарих сахнасында тағы бір жарқ етті. Өз түтінін өзі түтетуге жол ашқан тәуелсіздікке қол жеткізу тарихында төл рәміздері дүниеге келген сәт – ерекше орын алады. Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол – мемлекеттік рәміздердің тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойын дамытуға қызмет етеді.
Осы орайда, 1992-жылдың 4 маусымында көтерген Туы мен Елтаңбасының, ақжолтайына айналған Әнұранының түрі, табиғаты жағынан төлтума, ал, мазмұны жөнінен осы заманғы өркениетті мемлекет идеясына үндес, тәуелсіз еліміздің атынан әлем алдында сөйлейтін тарихымыздың тұңғыш ресми белгілері – Рәміздеріміз өмірге келді.
Міне, сол жұлдызды күндерден бері 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні ретінде тарихымыздың алтын беттерінен орын алды. Мемлекеттік рәміздер ретінде Ту мен Елтаңба – егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері болса, Әнұран – осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.
Топырағы қасиетке, қойнауы тарихқа толы қазақстандықтар!
Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!
Құрметпен,
Есенкелді Алданиязов,
Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкілі

Ұқсас жазбалар

ҒЫЛЫМ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН!

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ IV ПЛЕНУМЫ ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАНДА VI ЖАСТАР СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Admin