Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ЕҢ БАСТЫ МІНДЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН КӨТЕРУ

Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Ордабасы ауданына жұмыс сапары барысында аудандағы зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Мәжіліс депутаты 2023 жылы Мәжіліс мінберінде атқарған жұмыстары жөнінде баяндады. Мәжіліс депутатының айтуынша, былтыр мектеп тапшылығын азайту мақсатында қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасына республикалық бюджеттен Түркістан облысына қаржы бөлінді. Нәтижесінде Ордабасыда алда 5 білім беру мекемесінің іргетасы қаланатындығын тілге тиек етті.
Мәжіліс депутаты жиынға қатысушыларды аудандағы өзекті мәселелерді талқылап, бірлесіп шешуге шақырды. Іссапар барысында Қайрат Балабиев аудандық мәслихаттың фракция мүшелерімен пікірлесті. Кездесуде әлеуметтік мәселелермен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасының ауылдарда жүзеге асырылуы, агросектор төңірегінде ой бөлісті. Аудандық мәслихат депутаттары жергілікті халықты толғандырған бірқатар мәселені жеткізіп, халықтың мәселесін оңды шешуге бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Сонымен қатар депутат өткен жылдың қыркүйек айында мемлекеттік қабылдаудан өткен, жоба құны 3,0 млрд.теңгені құрайтын алюминий профиль бұйымдарын өндіретін «Gold Aluminium» зауытының жұмысымен танысып, мекеме қызметкерлерімен пікірлесті. Одан бөлек, Бөржар ауылындағы жылқы бордақылаумен айналысатын жеке кәсіпкер Мейірхан Утеповтың шаруашылығын аралап, мемлекеттік қолдаудың тиімді тұстарын талқылады.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ҚОС БІРДЕЙ ОТБАСЫНА ЖАҢА БАСПАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ КӨМІР МЕН ГАЗ ШЫҒЫНДАРЫ ҮШІН СУБСИДИЯ АЛАДЫ

Admin

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЗЕКТІ РЕТ САРЫАҒАШТА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Admin