Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Құқық

Арыста тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы семинар өтті

Арыс ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауқымды семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды elordafocus.kz ақпараттық агенттігі. Шараға аудан бойынша Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі педагогтар мен кіші қызметкерлер қатысты. Бұл шарада әйелдер мен балаларды қорғау, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселесі жан-жақты қаралды.
Баршаңызға белгілі, бүгінде елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы ретте бұл кездесуде отбасындағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, оның алдын алу, тосқауыл қою мәселелері талқыланды.
Жалпы 2022 жылдың 10 айында Арыс аудандық полиция бөлімінің жеке қабылдауға 10 әйел келген. Олардың барлығына полицейлер тарапынан қажетті құқықтық көмек беріліп, заң асында жұмыстар арқарылған.

Ұқсас жазбалар

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ОҚИҒА ОРНЫНА ДЕР КЕЗІНДЕ ЖЕТТІ

Admin

ҰСЫНУЛАРДЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ҚАРАУ ТӘЖІРИБЕСІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Admin

ОРК: референдумға ұйымдастырушылық және кадрлық дайындық толық аяқталды

Admin