Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

 «Табиғат — туған анамыз» атты тақырыбында шығармашылық ісшара өтуде

Түркістан облысы, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шардара» мектеп – лицейінде «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балалар жылына» орай 2021, 2022, 2023 жылдарға арнаған жаңа кіші жобаларын негізге ала отырып күзгі каникул кезінде оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру туралы 2022 жылғы 31.10 — 04.11 — қараша аралығында үйірме жетекшілерінің іс — шара жоспары құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.
Атап айтар болсам, 1. «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік жобасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Табиғат — туған анамыз» атты тақырыбында эссе, шығарма жазу Бапанова Ақшагүл апайымыз, 2. «Табиғат — туған анамыз» атты тақырыбында гобелен кесте қолөнері, фотосуреттер, панно-аппликация жасау Жамалхан Гаухар, 3. Қарт азаматтардың қатысуымен арнайы волонтерлік және әлеуметтік бағдарламаларды іске қосу, көмек қолын созу бойынша Ергешов Қайрап, Танабай Сержан, 4. «2022 жыл — Балалар жылына» орай, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалар мен жасөспірімдер үшін кітап оқуға ынталандыру шараларын жоспарлау бойынша Сатылғанова Мадина, 5. «2022 жыл — Балалар жылына» орай, «Экомәдениет» жобасын іске асыруға бағытталған іс — шаралар кешенін өткізу; «ЭкоФорум» — Волонтерлер мен белсенді жастардың қатысуымен өңірлік экологиялық форум өткізу Үмбетова Эльмира, 6. «2022 жыл — Балалар жылына» орай, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы шеңберінде ұлттық өнер бұйымдары, ұлттық киімдерді танымал ету, «Табиғат — туған анамыз» атты тақырыбында гобелен кесте қолөнері, фотосуреттер, панно-аппликация жасау Юнусова Анар, Мусаева Бибісара, 7. «2022 жыл — Балалар жылына» орай, «Менің отаным — Қазақстан» атты тақырыпта спорттық сайыс Мырзанов Әскербек, Хасан Санжар, 8. «2022 жыл — Балалар жылына» орай, аудандық тарихи — өлкетану мұражайына оқушыларды экскурсияға апару Ибраимов Серғазы, Сретай Мустафа әріптестеріміз жоғарғы деңгейде орындап, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланып, жұмыстар жүргізді.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДАМУ» ҚОРЫ АРҚЫЛЫ 200-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН МАҢАЙЫНАН 2 НАНОСПУТНИК ҰШЫРЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР САНЫ 9500-ГЕ ЖЕТЕДІ

Admin