Түркістан қаласында жиһаз өндірісімен айналысатын «LIDER PREMIUM» зауытының қызметкерлері республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Кәсіпорын ұжымы №115 дауыс беру учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанда азаматтық ұстанымдарын білдірді.
2005 жылдан бері ел нарығында тұрақты жұмыс істеп келе жатқан өндіріс орнының қызметкерлері мұндай маңызды қоғамдық-саяси шаралардан тыс қалмай, мемлекет дамуына бейжай қарамайтындарын көрсетті.
Зауыт қызметкері Серік Жұмахметовтің айтуынша, референдум – халықтың пікірін білдіретін маңызды демократиялық тетік.
– Әрбір мемлекет үшін халықтың пікірін ескеру – тұрақты даму мен әділ қоғам құрудың негізгі шарттарының бірі. Референдум – осы мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі. Осындай маңызды кезеңде азаматтар өз таңдауы арқылы елдің болашағына ықпал етеді. Әрбір дауыс – қоғамдағы өзгерістерге деген көзқарастың көрінісі, – деді ол.
Айта кетейік, Түркістандағы «LIDER PREMIUM» жиһаз зауыты бүгінгі таңда еліміз бойынша 60-тан астам дүкен желісін қалыптастырған. Кәсіпорында 300-ге жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында олар жыл сайын Түркия елінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
