Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН САЙЛАУШЫЛАРДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

Түркістан облысында республикалық референдум аясындағы дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Өңірдегі референдум учаскелерінде учаскелік комиссия мүшелері сайлаушыларды ұлттық нақыштағы киімдермен қарсы алып, ерекше атмосфера қалыптастырды.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, бұл бастама Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған наурызнама онкүндігімен тұспа-тұс келген маңызды саяси науқанның мәнін арттыруға бағытталған. Ұлттық киім кию арқылы олар халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп, елдік рух пен патриоттық сезімді насихаттауды мақсат еткен.

Учаскелерге келген тұрғындар мұндай бастаманы жылы қабылдап, ұлттық нақыштағы көрініс референдум учаскелерінде ерекше мерекелік көңіл күй қалыптастырғанын атап өтті. Сайлаушылар дауыс беру процесіне белсенді қатысып, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасауда.

Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша барлығы 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл облыс халқының шамамен 55,4 пайызын құрайды.

Дауыс беру науқаны заң талаптарына сәйкес таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасты. Жалпы, өңірде референдум учаскелері ұйымдасқан түрде жұмыс істеп, тұрғындарға өз таңдауларын жасауға барлық жағдай жасалды.

Ұқсас жазбалар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫН» ТАРТУ ЕТТІ

Admin