Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТОҚАЕВ ЖҮЙЕЛІ ТӘРТІПТІ ЖАСАУҒА КІРІСТІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “ Заң мен тәртіп” деген қағидатты берік ұстана бастады. Бүгін Самұрық пен ҚТЖ секілді алпауыт компания басшыларының құрыққа ілінуі — соның айқын дәлелі. Бұрын тек шабақтар мен шортандар қармаққа ілінсе, бүгін екі бірдей акула ауға түсті. Ақ-қарасын тергеп-тексерушілер анықтай жатар. Бізді осындай қаржылық мекеме басшыларының көзсіз әрекеті ойландырады. “Самұрық-Қазына” Ұлттық қордың қаржысына иелік етеді. ҚТЖ — мемлекет ішіндегі кішігірім мемлекет тәрізді құрылым. Мұндай қадамға неліктен барды? Күнкөрісі төмен бе? Айлықтан бөлек бір ғана жылдық бонусы пәлен мұғалім мен түген дәрігердің жылдық табысын бірнеше есе орамай ма!?. Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздық, жауапсыздық, жұлымырлық пен жемқорлық мемлекеттің іргетасын ірітіп, шірітетінін біле тұра, осындай жойқын жемқорлыққа не үшін барып жатыр? Неге тоқтам жоқ? Президент ұстанымы дұрыс. Заң бұздың ба: Арыңмен де, Барыңмен де жауап бер! Таза қоғам құру үшін тазалану керек-ақ! Жұртқа керегі — жүйелі тәртіп!

Ұқсас жазбалар

Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет.

Admin

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Admin

Олжас Бектенов Түркістан облысында электр стансасын салу жөніндегі Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді

Admin