Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлеуметЖаңалықтарҚоғамМәдениет

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Түркістан облысының Қазығұрт ауданында қоршаған ортаны қорғау және елді мекендерді абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Аталған жоба шеңберінде аудан аумағында сенбіліктер ұйымдастырылып, көгалдандыру мен жасыл аймақтарды кеңейтуге басымдық берілуде. Соның ішінде ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, табиғатты қорғау бағытындағы шаралар тұрақты түрде қолға алынған.

Кезекті сенбілік барысында аудан әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт ауылдық округінде өткен тал егу акциясына қатысып, жастармен бірге көшет отырғызды. Іс-шара барысында аудан басшысы жасыл аймақтарды көбейту, отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау, оларды уақытылы суару жұмыстарын сапалы ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

Жалпы биыл аудан көлемінде 18 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Оның ішінде «Жаңару күні» аясында 4 мыңға жуық көшет егілген. Ал бүгінгі сенбілік барысында шамамен 8 мың түп ағаш отырғызылды.

Айта кетейік, көгалдандыру және тазалық жұмыстары ауданның барлық 13 ауылдық округінде бір мезгілде ұйымдастырылды. Мұндай экологиялық бастамалар қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, тұрғындардың табиғатқа деген қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДЫҚ «GRAND MIKS» ЖИҺАЗ ФАБРИКАСЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

Admin

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИ-СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР МАУСЫМЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Admin

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛУДА

Admin