Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТӨЛЕБИ БАБА СТЕЛЛАСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Төлеби ауданының 90 жылдығына және Ленгір қаласы күніне орай Төлеби баба стелласы салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды elordafocus.kz ақпараттық агенттігі.
«Сүйікті қалам Ленгірім» атты мерекелік іс-шараға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер, қала тұрғындары қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев сөз сөйлеп, қала халқын мерекемен, көрнекі нысанның ашылуымен құттықтады. «Данагүл» әжелер тобы мен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жиналған қауымға концертік бағдарлама ұсынды.
Айта кетерлігі, экспозициялық кешенде Төлеби бабаның сурет бейнеленіп, нақыл сөздері жазылған. Стелланың ұзындығы 18,5 метр, биіктігі 4,5 метрді құрайды.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӘСКЕРИ САЛА МЕН ОТАНШЫЛДЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

Admin

 «Табиғат — туған анамыз» атты тақырыбында шығармашылық ісшара өтуде

Admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІ» МЕН «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Admin