Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИ-СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР МАУСЫМЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Еліміздің рухани астанасы – Түркістан шаһарында туристік маусым әлі де жалғасуда. Оған дәлел – демалыс күндеріне жоспарланған бірқатар концерттік бағдарламалар. Бүгіннен бастап «Керуен сарайда» және амфитеатрда танымал әншілердің концерттері жоспарланған.
Атап айтсақ, 28 қазанда – Argonya, 29 қазанда – Назима, 5 қарашада – M’dee өнер көрсетеді. Сондай-ақ 30 қазанда «Turkistan Marathon 2022» марафоны аясында «Керуен сарайда» бірқатар спорттық және мәдени іс-шаралар өтеді.
Сондай-ақ қараша айының 4-і мен 12-сі аралығында сағат 19.00-де Түркістан амфитеатрында қазақ эстрадасының өкілдері әр аптаның демалыс күндерінде концерттер өткізеді. Атап айтқанда, 4 қарашада – Qanay мен Ali Otenov, 11 қарашада – Ayree мен Qazybek Quraiysh, 12 қараша күні – Yenlik, Rauana мен Dosekesh сынды әншілер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Айта кетсек, аталған коцерттерге кіру тегін. Бұл іс-шаралар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Admin

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Admin

ҚАЗЫҒҰРТТА РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АВТОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Admin