Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ЖЫЛЫЖАЙДАН ЖЫЛЫНА 10 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС ТАУЫП ОТЫР

Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Атақоныс елді мекенінің тұрғыны Рабия Халилова 4 жылдан бері үйіргелік жерінің 16 сотоғында жылыжай ісін қолға алып, қияр мен қызанақ егуді кәсіп еткен. Жылына 10 млн теңгеге дейін табыс тауып, 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ауылдағы аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасаудан қалыс қалмайтын кәсіпкер бүгінде наубайхана мен көлік жуу орталығының құрылысын жүргізуде.
4 перзенттің анасы, 9 немеренің әжесі атанған Рабия Халилованың суды үнемдеумен қатар мол өнім алу мақсатында тамшылатып суғару әдісін енгізген жұмысымен танысуға аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов арнайы барды.
Кездесу барысында аудан басшысы ауданда ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтау, жаңа экспорттық тауарларды іздеуге арнайы жобалардың жүзеге асырылуын, өңірге инвестиция тарту, көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын барынша күшейту, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және өнімділігі жоғары техникамен әртараптандыру есебінен дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жайында ілкімді істердің атқарылып жатқанын, жылыжай шаруашылығын жүргізушілерге мемлекет тарапынан субсидия төленетінін айтып түсіндірді.
Айта кетейік, бүгінде аудандағы жылыжайлардың көлемі 20 гектарға, бір жерден екі-үш өнім алу 1261 гектарға, ал, тамшылатып суғару әдісі 451 гектар алқапқа енгізілген.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ҚҰНЫ 152 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ 62 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Admin

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ — «TURAN BARYSY» АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Admin

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Admin