Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Спорт

ТҮРКІСТАН: «ТҰРАН-19» КОМАНДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Былтыр футболдан жастар командалары арасындағы Қазақстан чемпионатында Түркістанның «Тұран-19» командасы сенсация жасап, Қазақстан чемпионы атанған болатын. Ел чемпионына УЕФА жастар чемпиондар лигасының жолдамасы берілді.
Соңғы 7 жыл бойы «Қайрат» пен «Астана» командалары ғана жеңімпаз атанып, чемпиондар лигасына кезек-кезек қатысып жүретін. Бұл «дәстүрді» «Тұран-19» командасы бұза білді. Ел намысын қорғайтын Түркістанның «Тұран-19» командасы жастар арасындағы чемпиондар лигасының бірінші кезеңінде Молдованың «Шериф» клубымен кездеседі. Алғашқы ойын 4 қазанда Шымкентте өтсе, қарымта кездесу 25 қазанда Тирасполь қаласында өтеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

АУДАРЫСПАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫ 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ПЫСЫҚТАП ЖАТЫР

Admin

ТҮРКІСТАН: «ЖЕТІСАЙ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ

Admin