Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫН ЖЫЛЫНА 90-ҒА ЖУЫҚ КӨЛІК ТІРКЕМЕСІН ДАЙЫНДАЙДЫ

Бүгінде Ордабасы ауданында жеке кәсіп ашып, өз ісін жандандырып келе жатқан кәсіпкерлердің саны артып келеді. Соның бірі — Бөржар елдімекенінің тұрғыны Нұрсұлтан Ысқақов. Ол 2022 жылы «Бастау-Бизнес» жобасына қатысып, қайтарымсыз грант ұтып алған.
Қазіргі таңда кәсіпкер дәнекерлеу цехын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Цехта 3 адам жұмыспен қамтылған. Айына 100 келіден 700 келіге дейінгі салмақты көтеретін түрлі көлемде 15 көлік тіркемесін дайындап шығарады. Осылайша жылына 90-ға жуық көлік тіркемесін әзірлейді.
Айта кетейік, кәсіпкердің өндіретін бұйымдарына өңіріміздің әр өңірінен сұраныстар түсуде.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРМАН ӨРТТЕРІН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Admin

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «TURKISTAN» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Admin