Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

Созақта Республика күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті

Бүгін Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде 25 қазан Республика күні мерейлі мерекесі аясында «Егемендігім – қасиетім, қастерлім!» атты салтанатты жиын өтті, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz ақпараттық агенттігі. Жиын барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалып, мемлекеттік қызметке қабылданған азаматтар салтанатты түрде ант қабылдады. Аталған шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, тұрғындары мен қонақтарды Республика күні мерекесімен құттықтады.
— Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Дәл осы күні 25-қазанда қазақ елі декларация жариялап, мемлекеттің тәуелсіздігін айқындады. ҚР Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда «Республика күні еліміздің мемлекеттілікке бағытталған тарихи қадамының символына айналуы тиіс» деп 25 қазанды Ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Бұл мерекенің қайта жаңғыруы – Жаңа Қазақстан өкілдерінің өз тарихи бастауын мойындауы. Сондықтан осынау күн тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тарихи еңбегінің символы болып қала береді. Республика күнінің мемлекеттік деңгейде, елімізде тұратын барша ұлт пен ұлысқа ортақ мереке ретінде тойлануы – халқымыздың бойына қуат, жүзіне қуаныш сыйлаған оң шешім болғаны анық, -деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Созақ аудандық филиялының төрағасы Мыңжасар Асқарұлы да қатысып, аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Мереке қарсаңында ауданда түрлі салада жемісті қызмет атқарып, еліміздің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан бірқатар аудан тұрғындарына облыс және аудан әкімінің, «Amanat» партиясы Созақ аудандық филиялының, аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық комитетінің «Еңбек озаты» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасы табысталды.
Салтанатты жиында А. Жұбанов атындағы балалар саз мектебінің ұстасдары мерекелік кешті күй өнерімен күмбірлетсе, аудандық «Мыңжылқы» үйінің көркемөнерпаздары әсем әнмен әрледі.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Admin

ТҮЙТКІЛДІ ТҮЙІНДЕРДІ ТАРҚАТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

Admin