Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР АҒЫН СУДЫ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖЕМІСІН КӨРУДЕ

Ағын судың басым бөлігін көрші Өзбекстан елінен алатын Келес ауданының шаруалары суды үнемдеудің тың технологияларын меңгере бастады. Келес өңірінде көкөніс өсірумен айналысатын шаруалардың бірі Құрманғали Тұрымбетов егістікті жаңбырлатып суару әдісіне көшкен. Нәтижесінде сепкен тұқымы бітік шығып, мол өнім алған.
– Егінді арықпен суарсаң, дақылдың ұрығы ағып кетеді. Сонымен қатар, арықтың бір жері зәктеніп, бір жеріне су жетпей қалады. Ал жаңбырлатып суарғанда ұрық түскен жерінде өнеді. Ағын су да 8 есе аз кетеді. Сондай-ақ, тың технологияны мемлекет субсидиялап беруде. Өткен жылы техника құнының 50 пайызын мемлекет төлесе, қалғанын үш ай сайын бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылды, — дейді шаруа.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығын сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналып отыр. Сол себепті өткен жылы фермерлердің заманауи суару жүйелерін сатып алуға жұмсалатын шығындарының 50 пайызы өтелген болатын. Ал биыл су үнемдеу технологияларын сатып алушы шаруалар үшін мемлекет тарапынан шығындарының 80 пайызын төлеу жоспарланып отыр.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Түркістанда Наурыз мерекесі қарсаңында сөз сөйледі

Admin

ТҮРКІСТАННЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС КЕЛБЕТІ АЖАРЛАНА ТҮСПЕК

Admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ ЕМЕС, НАҚТЫ ІС КЕРЕК»

Admin