Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «КӨШПЕНДІЛЕР» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік «Көшпенділер» ойындарына қатысып, көкпар спорты бойынша Қазақстан құрама командасы сапында болған жастармен кездестім. Әлемнің 102 елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысқан спорт сайысында ұлттық ойынымыз көкпардан 1-орынды жеңіп алған жастарды Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Айта кетерлігі, «Көшпенділер» ойынына Қазақстанның атынан 50 спортшы көкпар, қазақ күресі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, көк бөрі спорт түрлерінен бақ сынады.
Ел абыройын асқақтатқан Төлеби ауданының тумалары Дәулет Айтанға, Айкөз Ералханға, «Ұлы дала жорығы» республикалық ат жарысы ойынында облыстық команда капитаны Нұрхан Айтбаевқа аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлымен бірге Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік төсбелгі мен қаржылай сертификат табыс етіп, алдағы спорт саласында жетістікке жете берулеріне тілегімізді жеткіздік.
Жастайынан ат құлағында ойнап, дүбірлі додада ел намысын қорғап, Түркістан облысының ғана емес, күллі қазақ елінің атын шығарып жүрген спортшылардың еңбегі бағалы.
Көкпар қазақтың дәстүрлі ұлттық ойыны. Қанына сіңген қасиеті. Біздің ата-бабамыздың өмір салтының өзі спорттың осы түріне негізделген. Аудан аумағында ұлттық спортты дамыту бағытында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бірнеше жыл қатарынан «Көшпенділер» ойыны ұйымдастырылып, оған облыстан 17 аудан спортшылары қатысып, бақ сынап келеді. Спорттың бұл түрінен аудан тумалары көптеген сайыстарға қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуде.

Ұқсас жазбалар

«КСЕЛЛ» АҚ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯЛАРЫНА МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Admin

ORDABASY: АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНА СУ ЖАҢА 3 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АВТОКӨЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ШАРУАЛАР АСҚАБАҚТЫҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІН САУДАҒА ШЫҒАРДЫ

Admin