Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ТҮРКІСТАН: «АЙБЫН-2023» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Төлеби ауданы «Бәйшешек» жазғы сауықтыру легерінде «АЙБЫН- 2023» облыстық әскери-патриотық жиыны өткізілді.
Жарыстың ашылуына Түркістан облысының білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» директорының орынбасары Егембердиева Айсұлу және Түркістан облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев және «Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің ардагерлері қатыстысып» жас сарбаздарға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді.
Іс-шара арқылы Түркістан облысының әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелеріне қатысушы оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту және әскери-патриоттық жұмыстарды жандандыру көзделген.
Жалпы жарысқа аудан, қалалардан 255-ке жуық жасөспірім қатысты. 3 күнге созылған жарыстың нәтижесінде Арыс командасы топ жарды. Кентаулықтар екінші орын еншілесе, Төлеби ауданына үшінші орын бұйырды.
Жарыс жеңімпаздарына қаржылай сыйақы, дипломдар және медальдар табысталды. Жарыс жеңімпаздары маусым айында Қарағанды облысында өтетін өткізілетін республикалық кезеңге жол тартады.

Ұқсас жазбалар

Алғашқы әскери дайындық пәні қалай оқытылып жүр?

Admin

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА СПОРТ КЕШЕНІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Admin