Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ОТЫРАР: БИІККЕ ҰМТЫЛҒАН ЖАНДАР

13 қараша – Халықаралық зағиптар күні. Бүгін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен бекітілген осынау атаулы күннің аясында Отырар ауданындағы зағип жандарға құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылды. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Ержан Оралбай қатысып мүмкіндігі шектеулі жандарға сый-сыйапат жасады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған elordafocus.kz.
Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде: «Мүмкіндігі шектеулі жандар бізбен бірге бір қоғамда өмір сүруде. Бірақ оларды белсенді ортадан сирек көретініміз рас. Олардың өзгелер секілді өмір сүруі, жұмыс істеуі қаншалықты қиын екені айтпаса да түсінікті. Қазір біздің қоғам өркениетті көзқарасқа бейімделіп келеді. Арамызда мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз болашақ сыйлап, өздеріне жақын тартып, жан-жылуын беруге ниетті жанашыр жандар да аз емес», — дей келе мүмкіндігі шектеулі болса да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, еліне, туған жеріне адал қызмет етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында өзінің сүбелі үлесін қосып ерен ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген жандарға ризашылығын айтты.
Шара барысында аудандық «Зағиптар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы П.Ахаев ыстық ықыластары мен шынайы көңілдерін білдіріп құрмет көрсетіп жатқан аудан әкімдігі мен аудандағы жаны жомарт, жақсылық жасауға құштар ел азаматтарына алғысын жеткізді.44

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕР БОЙЫНША ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

Admin

Г.ҚҰРМАНБЕКОВА: «БҰЛ – ҰЛТТЫҒЫМЫЗДЫ ҰЛЫҚТАЙТЫН МЕРЕКЕ»

Admin

РӘМIЗДЕР – КИЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ

Admin