Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ШЫҢҒЫС МҰҚАН ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің тыныс-тіршілігімен танысты.

Жастар ресурстық орталығының басшысы Жұлдыз Балтабаева орталықтың атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады.

Шыңғыс Жұмабекұлы орталықтың жай-күйімен танысып, жастар саясатын одан әрі жандандыру мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу, жаңа идеяларды жүзеге асыру, перспективалық бизнес-жобаларды жүйелі жүргізуді атап өтті.

Сонымен қатар, алдағы уақытта өскелең ұрпаққа IT саласын дамыту, мамандар даярлау, цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Шыңғыс Жұмабекұлы жастар саясатын жүзеге асыруды жеке бақылауына алатындығын мәлімдеді.

 

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ: ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ ЖАҢА МАУСЫМДЫ БАСТАДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ БҮЙРЕК ТРАНСПЛАТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Admin

ШЫМКЕНТ: «ТЕПЛИЧНЫЙ РАЙ» АГРО-ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Admin