Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Спорт

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына жол берді. Ақтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды.
Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті.
Қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларынан айласын асырды.
Шахматтан 2023 жылғы командалық әлем чемпионаты Польшаның Быдгощ қаласында өтті. Онда 12 команда бақ сынады. Турнир 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бірақ Қазақстан бұған дейін ширек финалдан әрі асып көрген емес.

Ұқсас жазбалар

ОТЫРАРДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК ЖАСТАР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДӘРІПТЕДІ

Admin

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Admin