Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасы зор

Мемлекеттік рәміз — бұл еліміздің кешегісі мен бүгінгісі. Қазақстан Республикасының өзіндік даму жолы мен өзге елдерден ерекшелігін бейнелейді, ал мазмұны мен мәні адамгершілік, ынтымақ, бірлік сияқты жалпыадамзаттық құнды-лықтарды ту етеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4-маусымында бекітілді.
Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Әнұран — елдің саяси тәуелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып табыла-ды.
Мемлекеттік рәміздерінің мағынасын түсіну − әрбір Қазақстан азаматының борышы. Әрбір жас ұрпақ, лауазымды тұлға мемлекеттік рәміздерін заңнамаға сәйкес қадірлеп, қастерлеп, құрмет тұтуы қажет.
Әрбір мемлекет үшін отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады.
Мемлекеттік рәміздердің зор тәрбиелік мән-мағынасы бар. Жай ғана бір мысал, Олимпиада ойындарындағы және үлкен халықаралық спорттық жарыстардағы өз спортшыларымыздың жеңісі кезіндегі мемлекетіміздің көк байрағының желбіреуі, әнұранның шарықтауы әрбір азамат үшін зор мақтаныш, үлкен эмоция тудырады.
Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің ұлттық патриотизмді және жалпы қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қызметі, орны ерекше екені даусыз. Қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Қазақ үшін атамекен — отанжанды пенде ретінде өмір сүруінің шарттық атрибуты.
Сондықтан да халқымыз өз атамекенін, Отанын, өз халқын, өз тілін, өз мемлекетінің рәміздерін, салт-дәстүрін жүрекпен сүйе білген әрі ұрпағын да соған тәрбиелеген, баулыған.
Гүлнар АШИРОВА,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жазбалар

САУРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН: СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН ЖАЛҒАСУДА

Admin