Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

БІР ЖАРЫМ ҒАСЫРЛЫҚ КІТАПХАНА ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы QazATK колледжінің жастарына А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты – болашақ жасөспірімдерге қаламыздағы белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен насихаттау, ұлттық руханиятымызды кеңінен дәріптеу.
Кітапхана ғимаратын аралаған жастар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты.
–А.С.Пушкин атындағы кітапхана 1899 жылы орыстың ұлы ақынының 100 жылдық мерейтойына орай ашылған. Қала тұрғындарының өздері қаржы жинап, қоғамдық кеңес үйінің ғимаратын салды. Ол жерде басында би кештері, әуесқой театр әртістерінің қойылымдары көрсетілген, — деді кітапхана меңгерушісі.

Ұқсас жазбалар

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ КӨРНЕКІ АҚПАРАТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ РЕСІМДЕЛУІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Admin

Қазақстанда алғаш рет педагогтерге арналған психологиялық қолдау кабинеті ашылды

Admin