Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөнінде бастама көтерді. Аталған бастаманы қолдаймын, өйткені азаматтық заңнаманы жаңарту құқықтық айқындықты қамтамасыз ету, жеке мүдделерді қорғау және азаматтық құқық институттарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызға ие.
Жаңа Кодексті әзірлеу кезінде назар аударуды қажет ететін негізгі мәселелердің бірі ретінде азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау тетіктерін жетілдіруді атап өтуге болады. Субъективтік құқықтың заңнамада бекітілуі оның толыққанды жүзеге асырылуына өздігінен кепілдік бермейді. Сонымен қатар оны жүзеге асырудың құқықтық шектерін, қорғау шарттарын және азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың теріс пиғылды әрекеттерінің құқықтық салдарын нақтылау маңызды.
Осы тұрғыда азаматтық айналымға қатысушылардың адал әрекет етуі және құқықты теріс пайдалануға жол бермеу жөніндегі ережелерді одан әрі дамыту ерекше мәнге ие. Мәселен, меншік құқығын жүзеге асыру немесе шарттық міндеттемелерді орындау барысында бір тараптың әрекеттері екінші тараптың заңды мүдделеріне негізсіз нұқсан келтірмеуге тиіс.
Менің пайымдауымша, жаңа Азаматтық кодекс азаматтық құқықтарды еркін жүзеге асыру қағидаты мен өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау міндеті арасындағы арақатынасты ескере отырып, осы мәселелерді неғұрлым жүйелі реттеуі қажет.
Аталған құқықтық тетіктерді жетілдіру азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын заң жүзінде бекітумен қатар, олардың азаматтық айналымдағы нақты қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
автор: Елеужан Серімов
https://www.facebook.com/100008313764881/posts/4696413380645741/?mibextid=wwXIfr&rdid=ln7I8QnvsuqyNteX#

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТ: «ТЕПЛИЧНЫЙ РАЙ» АГРО-ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Admin

Большинство граждан выразили готовность принять участие в предстоящих выборах в Курултай

Admin

ШЫМКЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАР ҚОҒАМ БАҚЫЛАУЫНДА

Admin