Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік аясында Сарыағаш қаласының Мөлтек шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, тазалық жұмыстарына атсалысты.
Іс-шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен іргелес аумақтары ретке келтіріліп, қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, арық-атыздар тазаланып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
Мұндай игі шаралар қаланың ажарын ашып, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
«Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, табиғатты қорғау мен тазалықты сақтаудың маңызын кеңінен насихаттау.
Аудан аумағында тазалық пен абаттандыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.
Осы орайда барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлық танытып, тазалықты сақтауға және туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
#ТазаҚазақстан

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Admin

Конституциялық құқықтар: Түркістан облысындағы әлеуметтік қамқорлық пен игіліктер

Admin

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді