Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

САЙЛАУШЫЛАРҒА ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық аясында 13–18 қараша аралығында Созақ ауданындағы учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушыларға шақыру қағаздарын тарату жұмыстарын жүргізуде.
Шақыру қағаздарында сайлаушының дауыс беретін сайлау учаскесінің мекенжайы және дауыс беру күні туралы ақпарат көрсетілген.
Аталған жұмыстар сайлаушыларды алдағы сайлау туралы уақтылы хабардар ету және олардың дауыс беру учаскесіне кедергісіз келуіне жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылуда.
Әрбір дауыс маңызды! Сайлауға қатысыңыз!

Ұқсас жазбалар

ЕРЛАН ҚАРИН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ КӨПТОМДЫҒЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Admin

Партиялар Құрылтай сайлауы алдындағы өңірлік сапарларын аяқтап жатыр

Admin

СӘКЕН МАЙҒАЗИЕВ ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТ ҮЙІН БАСҚАРАДЫ

Admin