Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Бұған дейін Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық аясында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне оқыту семинары өткізілген болатын.
Аталған оқыту жұмыстарының жалғасы ретінде бүгін учаскелік сайлау комиссиялары өз құрамындағы мүшелер үшін оқыту семинарларын өткізуде.
Семинар барысында сайлау заңнамасының талаптары, сайлау процесінің негізгі кезеңдері, дауыс беру учаскесін дайындау, сайлаушылармен жұмыс жүргізу, дауыс беру тәртібі, дауыстарды санау және сайлау құжаттарын рәсімдеу мәселелері қамтылуда.
Мұндай оқыту жұмыстары комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыруға, сайлау процесін заң талаптарына сәйкес әрі сапалы ұйымдастыруға бағытталған.
Сайлауды сапалы ұйымдастыру – әрбір комиссия мүшесінің жауапкершілігі!

Ұқсас жазбалар

Участие в голосовании — это не только конституционное право каждого гражданина, но и возможность повлиять на формирование представительных органов, которые будут принимать решения, определяющие дальнейшее развитие страны.

Admin

122 мыңнан астам қазақстандық «Torttulik» мобильді қосымшасын пайдаланады

Admin

Мемлекет басшысы ЕО және Еуропалық инвестициялық банктің ресми тұлғаларымен кездесті

Admin