Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

122 мыңнан астам қазақстандық «Torttulik» мобильді қосымшасын пайдаланады

Ауыл шаруашылығы жануарлары иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы «АӨК-дегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС-мен бірлесіп әзірленді және 2023 жылы пилоттық режимде іске қосылды.
Бүгінгі таңда ол қосымшаны 122 333 адам пайдаланады.
Қазіргі таңда «TortTulik» қосымшасын Түркістан облысының фермерлері көп пайдаланады. Олардың саны 28 881. Жетісу облысында – 24 034,Қызылорда облысында — 18232,Солтүстік Қазақстан облысында – 13026 пайдаланушы бар.
Қосымша арқылы ауыл шаруашылығы жануарларының иелері — ШҚ,ЖШС,ЖҚШ мал басына түгендеу жүргізе алады, ветеринариялық паспорт ала алады, жоғалған кезде тегтерді ауыстыра алады, союдан кейін малды есептен алып тастай алады, малды бір ӘАОЖ ішінде сата алады және болашақта облыстар арасында мал сатып алу-сату рәсімдерін жасай алады, ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық шараларды уақтылы және толық көлемде іс-шаралар жүргізе алады.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУСТРАЛИЯ ТӘСІЛІМЕН ЗАМАНАУИ МАЛ БАЗАРЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Admin

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімін қабылдады

Admin

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «АУЫЛ АМАНАТЫ» БОЙЫНША 200-ГЕ ЖУЫҚ ЖОБАҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БЕРІЛДІ

Admin