Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жұмыстары аясында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері Отырар ауданына іс-сапармен келіп, оқыту семинарын өткізді.
Семинарға Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Хасанов, комиссия мүшелері Қ.Құлажанов және Б.Өскенбаев қатысты. Оқыту семинарын Отырар АСК төрағасы Н.Жубаев жүргізіп отырды.
Семинардың негізгі мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын арттыру, сайлау заңнамасының талаптарын түсіндіру және алдағы сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету.
Оқыту барысында аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу тәртібі, кандидаттарды ұсыну және тіркеу кезеңдерінде қажетті құжаттарды қабылдау мен олардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, сайлау құжаттарын дұрыс рәсімдеу, дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамаларды жасау және толтыру тәртібі жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Ұқсас жазбалар

Таяу Шығыстан үш мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды

Admin

В 5,5 раза дешевле, чем в Канаде: Казахстан выделяется доступностью мобильного интернета

Admin

«ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛА» 60-ҚА ЖУЫҚ ЕРІКТІ ҚАН ТАПСЫРДЫ

Admin