Таяу Шығыс өңіріндегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компаниялары жүзеге асырған 12 әуе рейсі арқылы 3300-ден астам қазақстандық елге оралды.
Эвакуациялық шаралар тек әуе қатынасы арқылы ғана емес, сонымен қатар жерүсті жолдары арқылы да жүргізілуде. Дипломатиялық қызмет өкілдері шетелде жүрген отандастарды қауіпсіз түрде елге жеткізу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Ирандағы қазақстандық дипломаттар 6 наурыз күні «Заркух» компаниясында жұмыс істейтін 7 Қазақстан азаматын иран-армян шекарасына жеткізуді жоспарлап отыр. Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы дипломатиялық өкілдіктер Иран аумағында қалған «Заркух» компаниясының 34 қызметкерінің елден шығуын ұйымдастырып, оларды автобуспен иран-армян шекарасы арқылы алып шыққан.
Жалпы бүгінгі күнге дейін Ираннан 52 Қазақстан азаматы елге қайтарылды.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі шетелде жүрген азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды елге қайтару бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
