Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Дауыс беруге санаулы күн қалды: жеті партия науқанның басты дебатында бас қосты

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. 19 тамызда сайлауалды науқанның маңызды кезеңдерінің бірі – «Басты дебат – 2026» өтті. 24KZ телеарнасындағы пікірталас алаңына сайлауға қатысатын жеті саяси партияның көшбасшылары жиналып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өз ұстанымдарын таныстырды. Дебат барысында экономикалық өсім, халықтың табысы, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік саясат, еңбек нарығы және экология мәселелері талқыланды. Партия жетекшілері сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын ұсынып, бір-біріне және көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. «Басты дебат – 2026» сайлаушыларға партиялардың бағдарламалары мен басымдықтарын салыстырып, саналы таңдау жасауға мүмкіндік берген маңызды саяси алаң болды.

Ұқсас жазбалар

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУДАНДЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Admin

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Үкіметке орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеу міндетін қойды.

Admin

Түркістанда халықаралық деңгейдегі заманауи атшабар ашылды

Admin