19 тамызда 24KZ телеарнасында «Экономикалық өсімнен азаматтардың әл-ауқатына дейін» тақырыбында «Басты дебат – 2026» өтті. Теледебатқа Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның көшбасшылары қатысты. Пікірталас барысында экономикалық өсім, халықтың табысы, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік саясат, экология және еңбек нарығы мәселелері талқыланды. Партия жетекшілері өздерінің сайлауалды бағдарламаларындағы негізгі басымдықтарды таныстырып, азаматтарды толғандырған сауалдарға жауап берді. Дебат төрт раундтан тұрып, партиялар арасында тікелей пікір алмасуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ көрермендер мен қазақстандықтардың сұрақтары арнайы байланыс арналары арқылы қабылданды. «Басты дебат – 2026» сайлаушыларға саяси күштердің ұстанымдары мен ұсыныстарын салыстырып, алдағы таңдауын саралауға мүмкіндік берген маңызды пікірталас алаңына айналды.
