Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елдің саяси жүйесінде жаңа институт – Қазақстан Халық Кеңесі құрылды. Бұл халықтың мемлекет ісін басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, азаматтардың пікірін мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне жеткізетін маңызды тетік. Қазақстан Халық Кеңесінің негізгі міндеті – қоғам мен билік арасындағы ашық диалогты дамыту, қоғамдық сұранысты ескеруге ықпал ету және ұлттық бірлікті нығайту.
