Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Қазақстанда 9,1 мың тонна шай және кофе өндірілді

2026 жылғы қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 9 143 тонна шай және кофе өндірілді, оның ішінде 3 829 тоннасы шайға тиесілі. Өңірлік бөліністе шай өндірісінің негізгі үлесі Алматы қаласына тиесілі — 92,1% (3 528 тонна). Бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы өңірлер арасында көш бастап тұр. Импорттың үлесіне сергіткіш сусынның 74,1%-ы тиесілі, елге шай өнімінің 18,3 мың тоннасы әкелінді. Алты ай ішінде 3,9 мың тонна шай мен кофе экспортқа шығарылды. Ішкі нарықта барлығы 20,8 мың тонна өнім өткізілді. Жалпы, шай тұтыну көлемі бір адамға айына орта есеппен шамамен 100 грамды құрайды. Шайдың негізгі жеткізуші елдерінің қатарында Кения бар, оның үлесіне импортталған өнімнің 27,2%-ы тиесілі. Сондай-ақ шайдың негізгі көлемі Үндістан, Ресей, Италия және Қытайдан әкелінеді.

Ұқсас жазбалар

Алматыда Наурыз мейрамы ауқымды түрде тойланады: дәстүр мен жаңаның үйлесімі

Admin

Отанға деген махаббаттың орны жүректе!

Admin

«Әділет» мобильді кездесулерін жалғастырды, ҚХП ең төменгі жалақы мәселесін көтерді, «Ауыл» аграрлық күн тәртібіне назар аударды

Admin