«Таза Қазақстан» бастамасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Мұндай жұмыстардың нәтижесі тек тазартылған аумақпен өлшенбейді. Оның басты мәні – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды күнделікті өмір салтына айналдыру.
