Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлемБасты ақпаратҚоғамСаясат

Қазақстан ядролық қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріндегі ұстанымын растады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау бағытындағы өзара күш біріктірудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кездесу барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен оның құрылымдарын реформалау мәселелері, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал жан-жақты талқыланды.

Президент Қазақстанның атом қуатын Халықаралық атом энергиясы агенттігі бақылауымен тек бейбіт мақсатта пайдалануға бейіл екенін тағы бір мәрте растады.

Мемлекет басшысы еліміздің ядролық қаруды таратпау саласында халықаралық қауымдастық тарапынан зор сенімге ие екенін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанда ядролық материалдарды қауіпсіз пайдалану үшін қажетті инфрақұрылым, жоғары деңгейлі сарапшылық орта және ғылыми-техникалық база қалыптасқаны айтылды.

Кездесуде МАГАТЭ-нің аз байытылған уранды сақтайтын әлемдегі жалғыз банкі Қазақстан аумағында орналасқаны ерекше аталып өтті. Бұл еліміздің жаһандық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі маңызды рөлін айқындайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ еліміздің ізгі ниет таныта отырып, Ирандағы ядролық мәселені бейбіт жолмен шешуге ықпал етуге дайын екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы нақты нәтижеге қол жеткізу үшін тиісті халықаралық уағдаластықтарға қол жеткізіліп, өзара сенім мен сындарлы диалог негізінде нақты қадамдар жүзеге асырылуы қажет.

Ұқсас жазбалар

Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Admin

ТҮРКІСТАН: АУЫЗ СУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Admin

КЕЛЕС: БІРЛЕСУДЕГІ КӨШЕЛЕРГЕ ШАҒАЛ ТӨСЕЛДІ

Admin