Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Басты ақпарат

Наурыз мерекесі аясында келестіктерге киберқауіпсіздік туралы кеңес берілді

Келес ауданында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында тұрғындар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында жауапты сала мамандары азаматтарға қазіргі таңда кең таралған интернет алаяқтық түрлері туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар, тұрғындарға ақпараттық брошюралар таратылып, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді бөгде тұлғаларға ұсынбау, сондай-ақ белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға сенбеу қажеттігі жөнінде ескертілді.

Мұндай профилактикалық шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, киберқылмыстың алдын алуға бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

#ЗАҢменТӘРТІП #ЗАКОНИПОРЯДОК

Ұқсас жазбалар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Admin

Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру

Admin

Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысты

Admin