Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСпорт

САЙРАМДА КӨКПАРШЫЛАР МЕН БАЙКЕРЛЕР ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІ

Сайрам ауданында ұлттық спорт өкілдері мен байкерлер дауыс беруге белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Көкпаршылар мен байкерлер сайлау учаскесіне арнайы келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Ұлттық спортты серік еткен азаматтар референдумға қатысу әрбір қазақстандықтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Олардың айтуынша, мұндай маңызды саяси шараларға белсенді қатысу – қоғамдағы азаматтық сананың көрінісі. Бұл бастама жастарға үлгі болып, елдік мәселелерге бейжай қарамаудың маңызын көрсетеді.

Сайрам ауданының тұрғыны Жаңабек Бектұрғановтың айтуынша, референдум – ел дамуының маңызды кезеңдерінің бірі.

Референдумға қатысу – әр азаматтың жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам. Өйткені мұнда қабылданатын шешімдер елдің болашағына, қоғамның дамуына және мемлекет саясатының бағытына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел тағдырына бейжай қарамауы тиіс, – деді ол.

Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 85 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Ауданда 134 219 азамат дауыс беру құқығына ие. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Ұқсас жазбалар

ПОЛЬШАЛЫҚ КӘСІПКЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮРКЕТАУЫҚ ФАБРИКАСЫН АШУҒА НИЕТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Admin

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖАСТАР АРАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Admin