Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Республикалық референдум аясында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан №133 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

Аталған учаскеде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Мұнда алғаш рет дауыс беріп жатқан 18 жасқа толған жастардан бастап, зейнеткерлерге дейін келіп, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде.

Жалпы, Түркістан облысындағы барлық референдум учаскелері қажетті материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Комиссия мүшелерінің 97 пайызының референдум және түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі бар.

Сонымен қатар, референдумның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында бақылаушылар дауыс беру барысын тұрақты түрде қадағалап отыр.

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНДАРҒА 260 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Admin

СОЗАҚТА ЖАСТАР АРАСЫНДА ЖАЙДАРМАН САЙЫСЫ ӨТТІ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 280 ЖҰМЫСШЫНЫҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨНДІРІЛГЕН

Admin