Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНДЕ КІТАП ЖӘНЕ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында референдумға келушілерге арнайы кітап және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда ұлттық өнеріміз ұлықталып, қазақы нақыштағы қолөнер бұйымдары мен кітап көрмесі дауыс берушілер назарына ұсынылды. Жәрмеңкеде ағаш және тоқыма бұйымдары қойылған. Сонымен қатар, киіз үй маңында құрақ көрпелер төселіп, таңдау жасаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлауда. Ал, кітап көрмесінде тарих және рухани мұраға қатысты түрлі туындылар қойылған.
Айта кетейік, Түркістан облысында 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.

Ұқсас жазбалар

Демеу Жадыраев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Admin

ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АУДАНДАР ДА АТСАЛЫСУДА

Admin

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН 515 ЖАҢА АВТОБУСТЫҢ 101-І ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ

Admin