Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Түркістанда референдум комиссиялары мүшелеріне арналған семинар өтті

2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша учаскелік референдум комиссиясы мүшелеріне арналған семинар өтті.

Іс-шараға облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Түркістан қалалық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, сондай-ақ Түркістан қаласындағы учаскелік референдум комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшылары қатысты.

Семинар барысында референдумды өткізу тәртібі мен комиссия мүшелерінің негізгі міндеттері кеңінен түсіндірілді. Күн тәртібінде «Референдум күні комиссия мүшелерінің іс-әрекеті», сондай-ақ «Референдум барысында қолданылатын онлайн-сервистер» тақырыптары қаралды.

Сонымен қатар, қатысушылардың білімін нығайту мақсатында учаскелік комиссия мүшелеріне арналған «Сұрақ–жауап» викторинасы ұйымдастырылды.

Семинар аясында қатысушылар референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзара пікір алмасып, тәжірибелік тұрғыда тестілеуден өтті. Мұндай оқыту шаралары референдум комиссиялары мүшелерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыруға және референдумды сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Алматыда Медеу кешенін жаңғырту жұмыстары басталды

Admin

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН АУҚЫМДЫ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШАТЫН ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Admin