Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ӘлемЖаңалықтар

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр

Иранда қанша Қазақстан азаматы жүр
Қазіргі таңда Иран территориясында 96 отандасымыз жүр. Бұл туралы ақпаратпен 2026 жылы 28 ақпанда ҚР СІМ баспасөз қызметі бөлісті.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оның 18-і дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, екеуі — студент, 70 адам «Заркух» зауытында жұмыс істейді. Сондай-ақ алты қазақстандық Иранда жеке сапармен жүр.

«Қазақстан министрлігі мен шет елдердегі мекемелер ел азаматтарымен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта ҚР азаматтары арасында зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетсек, 2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болды. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары «Израильге төнген қатерлерді жоюға» бағытталғанын мәлімдеді. Иранға жасалған шабуылға АҚШ-тың да қатысы бары айтылды. Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамптың видео үндеуі жарияланды. Ол АҚШ кең көлемді операцияны бастағанын жариялады. Сондай-ақ Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады.

Дереккөз: Zakon.kz

Ұқсас жазбалар

“АБАЙ ӘЛЕМІ” ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН

Admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР БИДАЙДАН ГЕКТАРЫНА 30 ЦЕНТНЕРГЕ ЖУЫҚ ӨНІМ АЛУДА

Admin