Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Экономика

ШЫМКЕНТТЕ «30 ҚАЙЫРЫМДЫ ІС» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қолға алынған «30 қайырымды іс» акциясы аясында Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығының белсенділері 50-ге жуық әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін таратты. Игі шара барысында көпбалалы және материалдық көмекке мұқтаж отбасыларға күнделікті қажетті азық-түлік өнімдері таратылды.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 қайырымды іс» акциясы Шымкенттік этномәдени бірлестіктердің бастамасымекн іске асуда. Акция аясында түрлі бағытты қамтыған игі істерді атқару көзделіп отыр. Бастамашы топ белсенділерінің айтуынша, аталған бастама елдің ішкі ынтымағын жарастырып, қасиетті айда өзара бауырмалдығын бекемдейді.
Өз кезегінде азық-түлік себетін алған азаматтар қайырлы іске астсалысқан азаматтарға ақеділ алғысын айтып, ризашылықтарын білдіруде.
Алдағы уақытта мұндай қайырымдылықты мақсат тұтқан іс-шаралар жүйелі жалғасып, қоғамда мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дамытуға септесері сөзсіз.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

#ҚХА30жыл #30летАНК

Ұқсас жазбалар

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЗАМАНАУИ АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕН ОРНАТЫЛАДЫ

Admin

Таңдау жасап, қаланы өзгертіңіз!

Admin

ДЕНСАУЛЫҚ БҰРЫШЫ: ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫНДА 400-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТҚА КЕҢЕС БЕРДІ

Admin