Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Экономика

ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАҒА СУБСИДИЯ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?

2022 жылы ҚР Үкіметі тарапынан баспана жағдайын жақсарту шараларының бірі ретінде үйді жалдау ақысын субсидиялау енгізілген. Ереже бойынша жалға алынған тұрғын үй төлемінің 50 пайызы – мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, ал қалған жартысы қызмет алушылардың есебінен төленеді.
Субсидия алу үшін мемлекеттік қолдаудың 4 санаты бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар «Отбасы банк» арқылы өтініш бере алады:
* І және ІІ топтағы мүгедектер;
* мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
* жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
* көп балалы отбасылар.
Жеңілдікті алу үшін қойылатын талаптар:
* Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы;
* отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысының отбасының әр мүшесіне қоса алғанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген мөлшерінен аспауы;
* ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес санаттар бойынша баспана кезегінде болуы.
Қағидаға сәйкес, субсидия сомасының 80% – республикалық бюджеттен, 20% жергілікті бюджеттен төленеді.
2025 жылы 4 394 отбасы жалпы сомасы 540 млн теңге субсидиямен қамтылған болатын. Тұрғын үй басқармасы жүргізген мониторинг нәтижесінде 1 191 азаматтың субсидиясы тоқтатылып, 1 053 азаматтың баспана жалдау мерзімі аяқталған. Қазіргі таңда 2150 азамат субсидиямен қамтылуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ШЫМКЕНТТЕ БИЗНЕС-ҚАУЫМДАСТЫҚ ПЕН БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ОРГАНДАРЫ АШЫҚ ДИАЛОГ ОРНАТТЫ

Admin

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АЛЫП ЖАРШЫСЫ

Admin

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Admin