Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ҚоғамМәдениет

«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: САУРАН АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Сауран ауданының Түркістан қаласындағымәдениет күндері қорытындыланды. «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертке аудан әкімі орынбасары Ербол Жанғазиев қатысып, сахна төрінде жұртшылыққа жылы лебізін білдірді.
Мәдени шараға қала тұрғындары мен қонақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Гала-концертте елімізге танымал эстрада жұлдыздары Нұржан Қалжан, Бауыржан Мұстафаев, Нұржан Төлендиев және Данияр Барыс ән шырқап, қалың көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар аудан өнерпаздары би билеп, қоңыр үнмен Түркістан аспанын сазға бөледі. Өнер сүйер қауым әншілермен қосыла ән айтып, мерекелік кештің сәнін кіргізді.
Айта кетейік, екі күнге созылған мәдениет күндері барысында Этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, төл өнеріміз паш етілді. Келесі көшті 30-31 тамыз күндері Бәйдібек ауданының өнерпаздары жалғайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Шардарада алдын — алу ағарту жұмысының І ауысымы өтуде

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ ӨТТІ

Admin