Рәміз- белгілі бір адамдар тобы үшін шартты мағынасы бар заттай белгі. Рәмізде ұлттың болмысы хәм саяси бағыты толықтай айшықталады. Мәселен КСРО кезіндегі басты ұстаным халықты еңбекке баулу болса сол тұстағы біраз мемлекеттердің ұстанымы техникалық даму болды және рәміздерінде оны анық көрсетті.
Екінші Дүниежүзілік соғыс-адамзатты қанша жерден ойсыратты дегенімен дамудың жаңа сатысын әкелді. Одақтас мемлекеттер ішінара өздері қамдана бастады ішкі саясатына. Өз тұрғындарының мемлекеттік таңбаларын ұғындырғысы келді. Себебі бұл халықты тәрбиелеудегі «алтын» тәсіл еді.
Заман өтті, киелі тұғырына мініп, өз Тәуелсіздігін алған мемлекеттер рәміздерін қабылдады. Миллион рет бас қатырды, арнайы комиссия құрды, зерделеді-зерттеді. Ақыры мұратына жетті.
Мәселен бір ғана Қазақстанның өзінде Елтаңба, Ту, Әнұран жобаларын жасау байқауына 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік ту эскиздеріне 1200 өтінім берілді. 1992 жылы қабылданған Әнұранымызда 750 жоба ішінен таңдалып алынды. Және оларды қорғау құрметтеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында рәміздерге арнайы 3 бап берілді. Қазіргі Әнұранымыз заңды түрде 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды. Жаңа Әнұран бірінші рет сол жылы 11 қаңтарда экс-президент Н.Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Сегіз жылдан кейін 2000 жылы 9 мамырда Қазақстан Республикасының экс-Президенті Н.Назарбаев Әнұранымызды өзгерту қажеттігін қадап айтты және Үкіметке нақты тапсырмалар берді. Нәтижесінде 2006 жылы қаңтарда «Менің Қазақстаным» Әнұран ретінде ресми бекітілді. Оның әуенін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов болды. Бұл әннің тарихы 1956 жылдан басталады. Тың игеру жылдарында марш сарынында дүниеге келген бұл ән қазақтың рухын көтеру, намысын ояту мақсатында жазылған. «Менің Қазақстаным» 1986 жылдың желтоқсанында да жаңғырды.
Рәміздің тағы бірі — Мемлекеттік елтаңба. Тәуелсіз Қазақтың елтаңбасы әлемдегі ең әдемі мемлекеттік символдардың бірі болып табылады. «Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасында саяси астар немесе күш көрсету белгілері жоқ. Онда қазақ халқының ғасырлар қойнауына кететін бай тарихы, қалыптасқан әдет-ғұрпы, төл мәдениеті және өзіне тән бостандық сүйгіштік, кеңпейілділік, қонақжайлылық қасиеттері паш етіледі. Ол – тәуелсіз елімізді мекендеген қазақ ұлты мен түрлі этнос өкілдері ынтымағының, тұтасқан рухани бірлігінің белгісі», — дейді Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков ағамыз. Қазақстанның елтаңбасын құрастыруда авторлар 300-ге жуық ұсыныс жасаған. Конкурс жүлдесі 20 000-рубль болған болса бұл қаражат сол кездегі ең үлкен сыйақылардың бірі болған. Ең қызығы сол үздіктерден іріктелген Жандарбек ағамыздың жобасы ташкент қаласынан әкелуге рұқсат болмаған-тек жүк көлігіне жасырып алып келген.
Р.Арғынбай
