Elordafocus.kz қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Қоғам

ОТАНДЫ СҮЮ, ПАТРИОТ БОЛУ ПАРЫЗЫҢ

Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан №67 Көмешбұлақ атындағы ЖОМ-ң мәжіліс залында Түркістан облысының Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының, Сайрам АПБ-ның, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң 25.01.2023 жылғы бірлескен іс- шаралар жоспары негізінде жастар арасында достығын, ынтымақтастығын дәріптеу, азаматтық-құқықтық тәрбие, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның дәстүрлерін сақтауға үндеу. Азаматтық ұстанымды, сондай-ақ патриоттық сананы, ұлтаралық мәдени қарым-қатынасты қалыптастыруы және рухани адамгершіліктің дамуына ықпал жасау. Ұрпақ сабақтастығын қалыптастырып, алдыңғы буын ардагерлерін жастарға үлгі ету мақсатында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ Сайрам аудандық филиал қызметкерлері, Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімі Е.Дүйсебаев, аудандық ауған соғысы ардагерлері одағы төрағасының орынбасары Р.Махмудов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Н.Абильдаева, АПБ қызметкері Ғ.Абдрахимов, Ауған, Таулы Қарабақ және Тәжік-Ауған ұрыс қимылдарының ардагерлері қатысты.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының маманы Б.Батаев өз сөзінде: Отанды сүю, туған елге деген сүйіспеншілік – халқымыздыңтежелден қаймағы бұзылмай келе жатқан тарихи дәстүрі, өмір ережесі.
Патриотизм дегеніміз – әке-шешеңді құрметтей білу, ауыл-аймағыңды ардақтай білу, өз ұлтыңды сүю, ана тіліңді ардақтау, өз халқыңның өткен жолын құрметтеп, оған тіл тигізбеу, өз Отаныңды жаудан қорғау. Қазақстандық патриотизм – кең, ауқымды ұғым. Ол Отанды сүюдің неден көрінетінін анықтайды.
Сонымен қатар кездесу барысында жастар өз ойларын ортаға салып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ ШАРУАЛАР АРЗАН БАҒАДАҒЫ СУАРМАЛЫ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Admin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 84 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Admin

Жастарға идеал керек!

Admin